Қазақстан жемқорлардың тізімі жарияланады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлардың тізімін жариялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тізімде жемқорлық үшін сотталған адамның барлық дерегі көрсетіледі.
Бұл жұмыс берушілерге үміткерді жан-жақты тексеруге мүмкіндік береді.
Жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды.
"Жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды. Сондай-ақ парламентте пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау мәселесі қаралуда", - деп жазылған хабарламада.
Заңдарға енгізілген бұл өзгерістер ГРЕКО, ЭЫДҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдардың ұсынысы бойынша дайындалған.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?