Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан үкіметі жаппай тәртіпсіздікке шақырғандар үшін жазаны күшейтетін заң қабылдады

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке шақырғандар үшін жазаны жеті жылға дейін қатаңдатуды ұсынды. 9 наурызда сенат "жаппай тәртіпсіздікке шақырғандарға" жазаны қатайтатын заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

митинг

Құжат "Қылмыстық сот ісін жүргізу, жаза атқару саласындағы адам құқықтары, сонымен бірге азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттердің алдын алу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырудар енгізу туралы" деп аталады.

"Жаппай тәртіпсіздікке шақыру, оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық бойынша қылмыстар үшін санкция күшейтіледі. Мұндай адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін болдырмау көзделіп отыр", - деді Ахметжанов сенаттың жалпы отырысында.



Оның айтуынша, қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық үшін жазаны бес жылдан жеті жылға дейін ұлғайтуды, ал ерекше қатігездікпен және қылмыстық топтың құрамында жасалған кісі өлтіру және бандитизм үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану мүмкіндігін алып тастау ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, тұрмыстық салада жасалған құқық бұзушылықтарға, атап айтқанда, ауыр немесе орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтiруге - "кiнәлiге материалдық немесе өзге де тәуелдi болған адамға қатысты әрекет жасау" деген квалификациялық белгiлер енгiзiледi. Бұл қылмыстың ауырлығын арттырады және жаза 6 жылдан 10 жылға дейін көбеюі мүмкін.

Талқылау