Қазақстан мұнайды жаңа бағыт Қытай арқылы экспортқа шығармақ

Энергетика министрі Ерлан Аккенженов Қазақстанның мұнай саласының қазіргі жағдайы туралы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясында Қазақстанның әлемдік нарықта сенімді энергия жеткізуші ретіндегі орнын сақтап отырғанын атап өтті. Сонымен қатар саладағы негізгі сын-қатерлер де айтылды. Олардың қатарында энергетикалық қауіпсіздік мәселелері, әсіресе Каспий құбыр консорциум (КҚК) жүйесінің тұрақты жұмысы бар. Бұл құбыр арқылы қазақстандық мұнайдың басым бөлігі экспортқа шығарылады.
“Аталған бағыттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету ұлттық экономика үшін аса маңызды", – деді Энергетика министрлігі.
Сонымен қатар Қазақстан экспорт бағыттарын әртараптандыру саясатын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, Қытай бағыты дамытылуда. Дегенмен, КТК әзірге ең тиімді әрі басым тасымал жолы болып қала береді.
-
Қазақстан әлемдегі жанармай бағасы ең арзан елдердің қатарына енді
-
Трамп Ормуз бұғасы ашылмаса Иран электр станцияларына соққы беретінін айтып сес көрсетті
Бұдан бөлек, мұнай-газ химиясын дамыту бойынша стратегиялық жоспарлар да жарияланды. Қазақстан алдағы уақытта мұнай өңдеу қуатын екі есе арттыруды көздеп отыр. Бұл ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, Орталық Азияда мұнай өнімдерін жеткізуші ретіндегі елдің позициясын күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?