Ұлыбританияда енді жұмыс істеуге барған қазақстандықтардың құқығы қорғалады
Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі еңбектегі қанау мен заңнаманы бұзуға қарсы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz
Лондонда өткен "Қазақстан-Ұлыбритания" стратегиялық диалогы шеңберінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ұлыбританияның еңбектегі қанау мен заңнаманы бұзуға қарсы іс-қимыл қызметі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тараптардың еңбек көші-қоны саласындағы өзара іс-қимылын көздейді.
Меморандумға сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Ұлыбританияның Еуропа, Солтүстік Америка және шет елдер істері жөніндегі мемлекеттік министрі Стивен Даути қол қойды.
Құжат бойынша тараптар келісімі:
- Ұлыбритания аумағында Қазақстанның азаматтарын уақытша жұмысқа орналастыру шарттары мен рәсімдері туралы ақпарат алмасу;
- Қазақстаннан еңбек қызметі үшін Ұлыбританияға жұмыскерлерді жіберетін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметі туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес олардың қызметін растау;
- Қазақстан азаматтарының Ұлыбритания аумағындағы еңбек қызметі кезеңінде, оның ішінде Тier-5 маусымдық жұмыс визасы (seasonal worker visa) шеңберінде еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған өзара ынтымақтастық;
- Сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары және Қазақстан азаматтарының қажет кәсіптік даярлығы туралы ақпарат алмасу.
Меморандумға қол қою – Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы еңбек құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”