"Қазақстан көмек қолын созуға әркез дайын": Тоқаев санкцияға ілінген Ресеймен арадағы келісімшарттар туралы айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік телеарнаға берген сұхбатында Ресейге салынған санкциялардың аясында Қазақстанның қалай көмектесетіні туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұған дейін Путинмен болған келіссөздердің барысында мен біздің барлық экономикалық келісімдеріміз күшінде екенін айттым. Қазақстан көмек қолын созуға әркез дайын, барлық келісім шарттарға сай келісімдерді орындайды. Басқалай жасау дұрыс емес әрі пайдасыз болар еді. Осындай қиын сәтте көршімізді тастап кетсек, достығымызға сын болады. Ресей төтенше жағдайларда жақсы әрекет ете біледі. Дегенмен санкцияның аты санкция, біз оны бұзуды ойламаймыз. Олай етсек қосымша санкциялар салынады. Ресей барлық қиындықтарды жеңіп шығады", - деді Тоқаев.
Журналистің "Қолымыздан келеді ме?" - деп қойған сұрағына Тоқаев: "Ия, мен бұған сенімдімін" - деп жауап берді.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"