Қазақстан қызылша ауруын жұқтырғандар саны бойынша алғашқы үштікке енді
АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) қызылшаның жаһандық эпидеті туралы деректерді ұсынды, нәтижесінде Қазақстан ауру жұқтырғандар саны бойынша көшбасшы елдердің қатарында тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәліметтер көрсеткендей, Йеменде қызылшаның 23 мыңнан астам жағдайы тіркелген, Үндістанда – 15 мыңға жуық, ал Қазақстанда – бұл көрсеткіш 12 985 жеткен. Одан кейін тізімде Эфиопия 11 мыңнан астам жағдаймен, Пәкістан 8 мыңнан астам, Конго Демократиялық Республикасы – 6 мыңға жуық және Ресей – 4305 тұр.
- Қызылшаның тарауына байланысты мектептер мен университетте карантин енгізіле ме - Министрлік түсіндірді
- Өскеменде қызылшадан 6 айлық нәресте көз жұмды
CDC бұл деректерді қараша айының басында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан алған.
Бұған дейін Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елімізде қызылша ауруының саны 20 мың адамнан асты деп жариялаған болатын. Сарапшылардың пікірінше, коронавирустық инфекцияның пандемиясы жағдайға айтарлықтай әсер етті: 2020 жылдан 2022 жылға дейін қызылшаға қарсы вакцинаның 61 миллион дозасы қабылданбаған немесе кешіктірілген.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік ұлттық костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?
