Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан бюджетін асырап отырған қай қалалар: 2025 жылға арналған облыс бюджеттерін талдап көрдік

Қазақстанда желтоқсанның басында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң қабылданды. Құжатта елдің табысы мен шығындары көрсетілген. 

Инфографика: Stan.kz

2025 жылы ел бюджетіне ақша аударып, донор атанған қалалар келесі: 

Алматы – 251,5 миллиард теңге;

Атырау облысы – 178,1 миллиард теңге;

Астана – 74,5 миллиард теңге

Бұл қалалар мен облыстан бюджетке жалпы 504,1 миллиард теңге аударылмақ. 

Ал Қазақстанның басқа аймақтары бюджеттен қаржылай көмек, яғни субвенция алады. Барлығы 2025 жылы облыстарға 5,7 триллион теңге бөлінбек. Облыстарға берілетін субвенция келесідей:

  • Абай облысы – 251,8 миллиард теңге;
  • Ақмола облысы – 383,3 миллиард теңге; 
  • Ақтөбе облысы – 318 миллиард теңге;
  • Алматы облысы – 203,6 миллиард теңге;
  • БҚО – 266,8 миллиард теңге; 
  • Жамбыл облысы – 465,9 миллиард теңге; 
  • Жетісу облысы – 386,5 миллиард теңге; 
  • Қарағанды облысы – 347 миллиард теңге; 
  • Қостанай облысы – 340,6 миллиард теңге; 
  • Қызылорда облысы – 476,7 миллиард теңге; 
  • Маңғыстау облысы – 166,8 миллиард теңге; 
  • Павлодар облысы – 146,6 миллиард теңге; 
  • СҚО – 336,2 миллиард теңге; 
  • Түркістан облысы – 1,1 триллион теңге; 
  • Ұлытау облысы – 59,1 миллиард теңге; 
  • ШҚО – 270,1 миллиард теңге; 
  • Шымкент – 251,2 миллиард теңге. 

Елдегі республикалық маңызы бар қалалардың бюджеті келесідей болмақ: 

  • Алматы қаласы – 2,2 триллион теңге
  • Астана қаласы – 925 миллиард теңге
  • Шымкент қаласы – 806 миллиард теңге
Талқылау