Қазақстан бұдан былай "АрселорМиттал" атауын қолданбайтын болды
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы атауын өзгертеді. Мұны үкімет үйіндегі брифингте индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев растады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шарлапаевтың айтуынша, компания мемлекет меншігіне өткеннен кейін оның атауы өзгереді.
“Арселор компаниясының қазақстандық кәсіпорынның акционерлерінен шығуына байланысты біздің бұл атауды пайдалануға құқығымыз жоқ”, – деді журналистердің сауалына жауап берген министр.
- Қазақстанда Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинау басталды
- "Шахта жабдықтары жылжып кеткен": Министр Шәріпханов Костенко шахтасында қандай заңбұзушылықтар болғанын айтты
Дегенмен шенеунік компанияға қандай атау берілетінін айта алмады.
“Шындығына келсек, біз бұл мәселені әлі қарастырмадық, бірақ ең бастысы – осы металлургиялық зауыт қызметкерлерінің пікірін ескеріп, олардың қалауына көбірек көңіл бөлу керек деп ойлаймын”, – деп қосты Шарлапаев.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"