Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер қазақ тілі мен Конституцияны білуге тиіс деп міндеттелді – Министр
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанның азаматтық туралы заңнамасы қалай жетілдірілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біріншіден, Қазақстанның азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді, біздің тарихымыз бен Конституциямызды қарапайым деңгейде білуге міндетті болады. Екіншіден, қос азаматтық фактілеріне жауаптылықты қатаңдату көзделіп отыр", – деді Ахметжанов үкімет отырысында.
Егер адам Қазақстан азаматының жеке басын растайтын құжаттарды алғаннан кейін басқа елдің азаматтығын растайтын құжатты пайдаланса, көші-қон қызметі оны Қазақстан азаматтығынан айырады.
Сондай-ақ егер адам азаматтықты алғаннан кейін 6 ай ішінде бұрынғы елдің азаматтығын тоқтататыны туралы анықтама ұсынбаса, олар да Қазақстан азаматтығынан айырылады.
Министрдің айтуынша, қолданыстағы заңнамада мұндай шаралар қарастырылмаған.
Алматыда Шымкенттен 17 есе жоғары: Қазақстанның қай өңірлерінде жаңа жұмыс орындары көп ашылады
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді