Қазақстан автогаз экспортын шектеуді тағы алты айға ұзартты
Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын Қазақстан аумағынан шығаруға шектеуді алты айға ұзартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com
Шектеу барлығына емес. Үш жағдай бойынша ерекшеліктер қарастырылған:
- Президентпен бекітілген келісімшарт (салық тұрақтылығы 722-бап бойынша) негізінде жұмыс істейтін кен пайдаланушылардың экспорты;
- Қарашығанақ кен орнының шикізатынан өндірілген тауарларды Қазақстанның халықаралық келісімдеріне сәйкес экспорттау;
- Қазақстаннан тыс жерде басталып, сол жерде аяқталатын транзиттік тасымалдар.
Бұл шектеулер ішкі нарықта тапшылықты болдырмау үшін енгізіліп отыр. Пропан бағасы 2023 жылдан бастап өсіп келеді.
Министрлік бұл қадамды "жанар-жағармай материалдары нарығын тұрақтандыру" және Қазақстан мен көршілес мемлекеттер арасындағы баға айырмасын азайту үшін қажет деп атап өтті.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты