Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан алдағы уақытта Түркияға ет экспорттамақ

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы алдағы уақытта Түркияға ет экспорттау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ет

Фото: pixabay.com

Вице-министрдің сөзінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 285 миллион долларға жеткен. 

"Экспортталған тауардың негізгі бөлігі дәнді дақылдар мен дәнді-бұршақты дақылдар мәдениеті. Түркия тарапынан импортталған тауарлар – жеміс пен көкөністер, өзге де мәдениеттер", – деді Кенжеханұлы. 

Сонымен қатар Қазақстан алдағы уақытта Түркияға ет экспорттауды жоспарлап отырғанын айтты.

"Қазір ет және ет өнімдерін экспорттауды қамтамасыз ету үшін шара қабылдап жатырмыз. Оның аясында Түркияның ветеринарлық қызметімен тиісті жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар Түркияға ет пен ет өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындарды мақұлдаймыз", – деп қосты вице-министр.

Талқылау