Қазақстанда банкроттық кезінде 2025 жылға дейін алынған несиелер бойынша қарыздарды реттемеу ұсынылды
Қазақстанда 2025 жылға дейін алынған қарызды реттемеу ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Жаңа түзетулерге сәйкес, егер борышкер банкроттық рәсімін қолдануды сұраса, бұл жағдайда 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған банк займдары мен микрокредит келісімшарттары үшін борышты реттеу талаптары қолданылмайтындығы айтылған.
"Қарызды реттеу талабын банк заемы мен микрокредит шарттарына 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданбау ұсынылады", – делінген хабарламада.
Түзетулерді "Қазақстандағы азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" заңға енгізу жоспарланып отыр. Бұл мәжіліс қарауында және қаржылық нарықты дамыту мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасының бір бөлігі.
Қазақстанда қандай несиелер автоматты түрде жойылады
Сонымен қатар түзетулер бойынша борышкерге соттан тыс банкроттық рәсімін өз қалауы бойынша тоқтату құқығы берілмек. Егер рәсім уәкілетті органмен тоқтатылса, борышкер алты айдан кейін қайта өтініш бере алады.
Соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін борышкердің барлық қаржылық ұйымға қарызы тоқтатылуы керек, соның ішінде несие бюроларына ақпарат жіберілмеген қарыздар да қамтылған.
Түзетулер 2025 жылдың бірінші жартысында күшіне енуі жоспарланып отыр.