Қазақстан 17 жылдан кейін байдарка және каноэден есуден әлем чемпионатында жеңіске жетті
Қазақстан 17 жылдан кейін байдарка және каноэден есуден әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Канадада өтіп жатқан әлем чемпионатында байдарка және каноэден есуден Қазақстан командасының өкілі Виктор Степанов жеңіс тұғырынан көрінді.
Ол каноэмен 200 метр қашықтыққа есуден күміс медаль иеленді.
Бұған дейін Қазақстан намысын қорғаған спортшы Жомарт Сатыбалдин 17 жыл бұрын жеңіс тұғырынан көрінген еді. Жомарт 2005 жылы Степанов сияқты дәл осы қашықтықта 3-орынды иеленген болатын.
Айта кетейік, Виктор Степановтың медалі – спорттың осы түрінен әлем чемпионатында қазақстандық қол жеткізген екінші жеңіс.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге

