Қазақ тілі ғана мемлекеттік және ресми тіл болуы тиіс – Шораев
Қоғам қайраткері, Мәжіліс депутаттығына үміткер Арман Шораев “Тіл туралы заңға” өзгеріс енгізуді сұрайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол әлеуметтік желісінде Конституциясының жетінші бабы, екінші тармағына өзгеріс енгізіп, "Тiл туралы заңының" бесінші бабын алып тастауды талап етті.
"Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады" деген мәтінді алып тастауды талап етемін”, – деді белсенді.
Шораевтың айтуынша, қазақ елі аумағында қазақ тілі ғана мемлекеттік және ресми тіл болуға тиіс. Қоғам қайраткері өзгелерді осы акцияға қосылуға және қолдауға шақырды.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"