Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақ аруы – 2025" байқауын блогер Дәрия Қуатжан жеңіп алды

Қазақ аруыФото: Видеодан кадр

Кеше Алматыда өткен "Қазақ аруы – 2025" ұлттық сұлулық байқауында Талдықорған қаласының атынан қатысқан Дәрия Қуатжан жеңімпаз атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байқаудың жеңімпазы халықтың дауыс беруі арқылы таңдалды. Дауыс беру нәтижелері жобаның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Финалдың қорытындысы бойынша Дәрия Қуатжан 26 376 дауыс жинап, басты бәсекелесінің бірі Диана Қырымды (13 160 дауыс) екі есеге жуық басып озды. Үздік үштікті Дариға Рахым (11 045 дауыс) түйіндеді.

Дәрия – жас кәсіпкер, дизайнер. Жоба ұйымдастырушылары оның ұлттық өнер мен дәстүрлі ою-өрнектерден шабыт алатынын атап өтті. Ол осы өнер арқылы "қазақ мәдениетінің рухын жеткізуді" мақсат етеді.

Жобаның мақсаты – талантты жастарды анықтау және қолдау, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтау, Татарстанда білім алып жүрген шетелдік студенттер мен жергілікті халық арасындағы достық пен келісімді нығайту, сондай-ақ қоғамдық және мәдени байланысты дамыту.

Айта кетейік, былтыр ұлттық сұлулық байқауында Қызылорда облысының тумасы, 17 жастағы Ақкербез Ысқаққызы “Қазақ аруы – 2024” атанған еді. Алайда желі қолданушылары арасынан байқау әділетсіз өтті деп санағандар көп болды.

Кейінірек Баян Мақсатқызы "Қазақ аруына" қатысты күтпеген мәлімдеме жасады.

Айнұр Мұхади
Жұма, 14 Қараша, 2025 09:59
Талқылау