Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат пен Жұлдыз келесі фильмге балаларымен бірге түсуі мүмкін

Қайрат пен Жұлдыз бүгінде шоу-бизнес әлеміндегі көп талқыланатын жұптың бірі. Әнші мен оның жұбайының әр басқан қадамы халық назарында. Дәл осы себепті Қайрат та, Жұлдыз да көрермендерді қуантуға асық.

Жұлдызды жұп алдағы уақытта тағы бір киноға түсуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Гүлзира Айдарбекова Hit-Tv арнасына берген сұхбатында айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Екінші киноның түсіріліміне тапсырыс берілді. Алла қаласа, сценарий біздің көңілімізден шығып жатса, күзге қарай тағы бір жақсы кино түсіреміз деген үміттеміз”, – деп бөлісті Гүлзира Үсенқызы.

Алғашқы фильмде тағдыр тәлкегіне ұшыраған қыздың бейнесін сомдаған Жұлдыз бұл жолы басқа қырынан танылмақ.

“Енді драма жағын көрдік қой, мүмкін комедия болып қалар. Өйткені олардың отбасында күлкілі оқиғалар, қызықты әңгімелерді кезіктіріп жатамын. Сондықтан да табиғатына комедия да келіп қалар деп ойладым. Өзінің актрисалық қабілетін тағы да бір жағынан сынап көрсін деген оймен сол комедия жанрын таңдап отырмыз”, – дейді Айдарбекова.

Сондай-ақ, Қайрат Нұртастың анасы ұлы мен келінінен бөлек, немерелерін де кино әлеміне араластыруды жөн көріп отыр.

“Әрине, Қайрат пен Жұлдыз бірге түседі. Сценарий жазылып біткеннен кейін көре жатармыз. Ал енді төрт баласында бірдей актерлік қабілет бола қоймас. Қайсысының бойынан көріп жатсақ, сонысын тартып көреміз. Егер киноның арасына бала қажет болса, әрине”, – деп ағынан жарылды Айдарбекова.

Жіберіп алмаңыз: 

Үнді киносындағыдай: Жұлдыз студент кезінде Қайратпен қалай танысқанын айтып берді

Мәдина Сәдуақасова күрделі моңғол тілін не үшін үйреніп жүргенін айтты

Шашы тақыр, костюмі ұзын: Төреғалидің сахналық образы желіде қызу талқыға түсті (видео)

Ақын Құрманай Бақтиярқызы өзінен 12 жас кіші жігітке ұл туып бергенін ашық айтты

 

Талқылау