Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың Семейде тойда жүрген видеосы таралды

Қазақстандық эстрада жұлдызы, әнші Қайрат Нұртас Семейде тойда жүрген кезінде видеоға түсіп қалған. Видео желіде таралып, кейіннен жойылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінде оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

"Қазақстандық эстрада әртістеріне қатысты материалдар жиналып, тіркеу орны бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды", - деп хабарлады ПД.

Еске салсақ, қалада шектеу шаралары кезінде санитарлық нормалардың сақталуын бақылау бойынша рейдтер жалғасуда. Бизнес субъектілеріне қатысты айыппұл 230 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

"Қазақстандық әншінің қатысуымен жерасты салтанаты өткен мейрамхана иесіне, сондай-ақ, лауазымды тұлғаға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді", - делінді полиция департаментінде.

Талқылау