Қайрат Нұртастың әніне кавер жазған Гүлмира Андрей Малаховтың шоуына қатысты
Қазақстандық әнші Гүлмира Ізбасханова Ресейде Андрей Малаховтың шоуына қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарлама ұйымдастырушылары Мәскеуге Гүлмира мен оның анасын шақырған.
"Қазақстанда нөмірі бірінші әнші бар, менің ағам – Қайрат Нұртас. Бұл әнді сол жазды, ал мен кавер орындадым", – деп түсіндірді Гүлмира.
Ізбасханова 6 жасынан бастап ән айтатынын және спортпен шұғылданатынын атап өтті. Ол бағдарлама барысында Қайрат Нұртастың "Сені сүйем" әнін орындады. Андрей Малахов пен өзге қонақтар Гүлмираның әнін сүйсіне тыңдап отырды.
Сондай-ақ Малахов Гүлмираның анасын ортаға шақырды. Ол кісінің де өнерден кенде емес екенін біліп, ән орындауды сұрады. Анасы мен қызы бағдарлама қонақтарына София Ротарудың әнін орындап берді.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге