Қазақстандық әншілерге есірткі тасығанын айтқан қыз сотталып кетті
Нұр-Сұлтан қалалық соты Гаухар Мұса есімді қызға шешім шығарды. Әншілерге есірткі тасығанын айтқан қыз 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Бастапқыда айыпталушының ісі "есірткі тасымалдады" деген баппен қаралғанымен, "есірткі табуға көмектесті" деген бап бойынша шешім шығарылды. Прокурор 12 жылға соттауды сұрады. Судья қыздың бұрын сотталмағанын, жасын, басқа да жағдайларды ескерді.
"Сот Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Мұса Гаухарға қатысты тергеу кезінде қылмыстық-процессуалдық заң өрескел бұзылғанына мән беруі керек. Қаулының екі түрі де Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры мен мәдениет және спорт министрлігіне жіберілуі керек" деді судья Мекемтас.
Судья айыпталушы айтқан тұлғаларға қатысты тексеру толық жүргізілмегенін, тергеу кезінде заң бұзушылықтар болғанын атап өтті.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге