Қайырымдылық қорынан ақша жымқырды деп күдіктелген Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды
Cу тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінген ерікті Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Instagram желісінен
15 қарашада сотқа тергеуден күдікті Перизат Қайратты екі айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау өтініші түскен.
"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 16 қарашадағы қаулысымен өтініш қанағаттандырылды", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінгенін жаздық. Ведомство оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталғанын алға тартты. Ол Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 миллион теңге жымқырған.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"