Қайық қағып кеткен: Павлодарда суға батқан 40 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Павлодарда Ертіс өзенінде қайық қағып кеткен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марина Алексеенко есімді 40 жастағы қала тұрғыны ақылы жағажайға ұлымен бірге демалуға келген. Таныстарын жолықтырған ол өзенді жүзіп өтпек болған. Алайда суда “Майами” жағажайының жолаушыларын тасымалдаушы әйелді ұлының көзінше қағып кеткен. Еріктілердің сөзінше, қайықты тізгіндеген де, жолаушылар да әйелді көрмеген.
5 қыркүйектен бастап "Vita" іздеу тобы әйелді іздестірген. Бір күннен соң олар әйелдің өлі табылғанын мәлімдеді.
"Қазір ғана еріктілер әйелдің денесін тапты. Марқұмның жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", – делінген хабарламада.
Қазір тағы бір суға батқан ер адам іздестіріліп жатыр.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен