Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қай жеріне күлерімізді білмейміз: Журналист Тұрсынбектің бағдарламасын сынға алды

Журналист Қазыбек Иса Тұрсынек Қабатовтың бағдарламасын сынға алды.

Журналист «Әзіл MAN» шоуының еш қызықсыз екенін айтып, ондай бағдарламаларды эфирден азайту керек деген ой айтты, деп жазады Қазақ үні.

Қазыбек Иса арзан күлкіге үйір, тіл мен ділден хабары жоқ жастардың көптігіне назын айтты.

“Күні бойы телеарналардағы бірінен бірі өтетін сайқымазақтардың ырду-дырдуынан, шоу мен шудан шаршап,  қатық етер татымы жоқ  хабарлардан   қажып отырғанмын. Әсіресе, «Әзіл MAN» деген аты да, заты да түсініксіз, қай жерінде күлуіңді білмей, кейіпкерлерінен бұрын қиналатын  ботқашоуға келгенде, денсаулығымды ойлап, өшіріп тастағанмын.

Сайқымазақтар  саусағын көтерсе,  мәз болатын,  елің мен жеріңнің, тілің мен діліңнің  зарында шаруасы жоқ жастар  қаптап келе жатқанын ойлап  тіпті, мазам кетті”- дейді журналист.

Журналист «Бір өлең, бір әуен» бағдарламасының көңілге қонымды екенін атап өтті. Осындай бағдарламалары көптеп шығау керек деген ойын айтты.

Бұған дейін айтыскер Рүстем Қайыртай “Қазақстан” арнасын “Қабатовстан” арнасы деп атап, Тұрсынбекті сынға алған еді. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау