Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікті анықтауға арналған скринингтік тексеруден қаншалықты жиі өту керек?

Қазақ Онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында онкогинекологиялық ауруларды бірінші кезеңінде анықтауға арналған ашық есік күндері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған шара жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу онкүндігіне орай ұйымдастырылыған. Әйелдер онколог мамандардың тегін қабылдауында болды. Сондай-ақ, олар қажетті диагностикалық тексеруден өтті.

Институт директоры Диляра Қайдарованың айтуынша, Қазақстанда жатыр мойны қатерлі ісігі сүт безі қатерлі ісігінен кейінгі екінші орында тұр.

“Жылына 1700 әйел жатыр мойны дертіне шалынса, 600 әйел сол дерттен көз жұмады екен. Көбінесе 40-44 жастағы келіншектер шалдығады”, – деді институт директоры Диляра Қайдарова.

Елімізде 2008 жылдан бастап жатыр мойны қатерлі ісігін анықтайтын Ұлттық скринингтік бағдарлама жұмыс істеп тұр.

30-70 жастағы әр әйел 4 жылда бір жатыр мойнынан ПАП-тест түрінде скринингтен өтуі тиіс.

Скринигтік тексеру тұрғылықты мекенжайы бойынша емханада тегін жасалады.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар семіздіктің жұғатынын дәлелдеді

Дәріханаларда тегін дәрілердің бар-жоғын қалай білуге болады

Теміртауда 1 жарым жасар сәбидің өліміне дәрігерлердің немқұрайлығы себеп болған

Қарағандыдағы кішкентай қыздың өліміне дәрігерлер кінәлі болып шықты

Талқылау