AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспий құбыр желісіндегі апаттан кейін теңізге мұнай төгілмеді - КТК

Каспий құбыр желісі консорциумы (КТК) қазіргі таңда мұнайдың теңізге төгілу фактісі тіркелмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Акваторийді тексеру үшін ведомствоның МИ-8 тікұшағы жөнелтілді. Қазіргі таңда теңізге мұнай төгілгені байқалмайды", - делінген КТК баспасөз қызметі. 

Росприроднадзор мамандары Новороссийск түбінде КТК Теңіз терминалы ауданындағы жағдайға мониторинг жүргізуге кірісті. Инспекторлар экобақылауға қажетті сынамаларды алды. Росприроднадзор мамандарымен бірге теңіз маңындағы жағдайды Ресейдің ТЖ министрлігі де бақылап жүр.

КТК теңіз терминалында тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. 2022 жылғы 21 наурызда кезектен тыс инспекция барысында үшінші айлақ құрылғысы шлангаларының бірінің бүлінгені анықталған. Сондықтан құрылғыны жөндеу үшін оны уақытша істен шығару шешімі шығарылды.

22 наурызда екінші құрылғының 9-шы және 13 шлангасының зақымдалғаны анықталған. Бұл құрылғының да жұмысы уақытша тоқтатылды.

Олқылықты уақытында анықтау нәтижесінде мұнайдың Қара теңіз акваториясына төгілуіне жол берілмеді. Осылайша апатты жағдай қаупі жоқ, деп түйіндеді КТК.

Сондай-ақ Қазақстан КТК-дағы апаттан соң мұнай экспорттаудың баламалы бағыттарын қарастырып жатқаны хабарланды.

РФ вице-премьері Александр Новак КТК айлақтарының зақымдалуы әлемдік мұнай нарығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр