Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы операциялық күштер қолбасшысын қызметінен неге босатты – Қорғаныс министрі түсіндірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы операциялық күштер қолбасшысы Болат Жұрабаевты қызметінен неге босатқаны туралы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қорғаныс министрі құрылым жауынгерлік дайындықпен айналысатынын айтты.
"Бұл – табиғи процесс. Сенесіз бе? Офицерлерде, 40-қа дейін және 40 жылдан көп қызмет еткендерде кәсіптік ауру өте көп. Соған сәйкес, арнайы операциялық күштердің қолбасшысы денсаулығына байланысты отставкаға кетті", – деді Руслан Жақсылықов парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Еске сала кетейік, 2022 жылы қаңтар айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің арнайы операция күштерінің қолбасшылығын құру туралы" жарлыққа қол қойған еді.
Мемлекет басшысы Қазақстанда әскери барлауды күшейту керек екенін, ол ел басшылығын сыртқы және ішкі қауіптер туралы уақытылы және сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуі қажет екенін айтты.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"