Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Картоптан өте сирек кездесетін ауруға шалдыққан әйел 13 жыл бойы жабық кеңістікте өмір сүріп келеді

Испаниялық Хуана Муньос соңғы 13 жыл бойы аумағы 25 шаршы метр болатын жабық кеңістікте өмір сүріп келеді. Химиялық заттарға өте сезімтал, сондай-ақ фибромиалгия, созылмалы шаршау синдромы және электр энергиясына аллергиясы бар әйел 30 жыл бойы осы дерттен зардап шегіп келеді.

Испанияның Кадис қаласында тұратын Хуана тіпті күйеуін сүйіп, балаларын құшақтай да алмайды. Ол ешқашан өзінің тұңғыш немересін қолына ала алмаймын деп қорқады. 

El Elespanol-дың айтуынша, науқас әйел 30 жыл бұрын күйеуі қолданған картопты гаражда өсіруге кедергі болатын химиялық затпен уланған. Ол химикатты ұстағаннан кейін  қолын жумай көзін уқалаған. Соның салдарынан әйелдің денесі аллергия беріп, төрт күн бойы ауруханада жатқан. Хуана бірнеше жылдан бері таблеткалар қолданып, соның  арқасында аман жүрді. Кейін аурудың дамуына байланысты, оған жабық кеңістікте өмір сүруге тура келді.

Осы жылдар ішінде оған күйеуі Мануэль үлкен қолдау көрсетті. Жұбайы әйелі жаңа органикалық өнімдерді ғана тұтынсын деп көкөністер өсіреді. Қазір 56 жастағы әйел 13 жыл бойы оқшауланып отырған бөлмесінен шығып, отбасы мүшелерін құшақтаймын деп үміттенеді. Ол АҚШ-та жасалған арнайы масканы қолдану арқылы жақындарымен қауыша алуы мүмкін.

Ал химиялық реагентті шығаратын халықаралық компания оны Хуана Муньоспен болған жағдайдан кейін  бірнеше жыл өткен соң өндірісінен алып тастады.

 

Талқылау