AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Картингтегі бала өлімі: Алаң директоры күдікті деп танылды

Алматы облысында картинг тебу кезінде қайтыс болған баланың ісіне қатысты алаң директоры күдікті деп танылды. Оқиға Іле ауданындағы картодромда болған. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, картинг тізгіндеген баланы артынан келе жатқан карт қаққан. Соның инерциясымен пластмасс қоршауды бұзып өтіп, жол бойында тұрған ГАЗ-53 көлігіне соғылған. 

Осы іс бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы "абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық іс материалдары бойынша, 41 жастағы картинг орталығының директоры күдікті деп танылды. 

Қазір полиция қайтыс болған баланың картингін соққан қызды іздеп жатыр.

Картинг орталығының басшылығы ешқандай түсініктеме берген жоқ. Олар уақытша жұмысын тоқтатқан.

Бұған дейін Алматы облысында он жастағы баланың картингте мерт болғанын хабарлаған едік.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр