Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карантиндік шектеулер мен рейд нәтиже беріп жатқан жоқ - Тоқаев

Еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесін Тоқаев карантиндік шектеулер мен рейд нәтижесіз екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Карантиндік шектеулер мен рейд тексерістері нәтиже беріп жатқан жоқ. Керісінше әлеуметтік шиеленісті тудырады... Мониторингтік топтардың жұмысы кейде таңдамалы, ашық емес сипатқа ие. Мәселен, кейбір мекемелер үнемі тексерілуі мүмкін, ал басқалары мүлдем тексерілмейді", - дейді Тоқаев

Мемлекет басшысының айтуынша прокуратура жанында колл-орталық жұмыс істеуі тиіс.

"Онда рейдтер кезінде заң бұзушылықтарға байланысты шағымдар түсуі мүмкін. Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия әкімдермен бірлесіп мониторингтік топтардың жұмысын ретке келтіруі тиіс.

Менің тапсырмам бойынша антиденелерге іріктеп популяциялық зерттеу жүргізілді. Жоба ДДҰ қолдауымен Алматы, Қостанай және Өскемен қалаларында жүзеге асырылды. 7 мың адам тестілеуден өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, антиденелердің таралуы 40-61% құрады", - дейді президент.

Қасым - Жомарт Кемелұлы үкіметке жедел тапсырма берді: 

"Бірінші, зардап шеккен салалардағы шағын-орта бизнес субъектілері үшін жекелеген салықтар мен төлемдерді төлеуді кейінге қалдыруды енгізу.

Екінші, салық және кеден берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру.

Бұл шаралар шынымен жаппай вакцинация басталғанға дейін және көптеген шектеулерді алып тастағанға дейін уақытша әрекет етуі керек", - деді Тоқаев.

Еске салсақ, мемлекет басшысы коронавирус бойынша елдегі ахуал өте күрделі екенін айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр