Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақаттың жерік асын тауып әкелген Қыдырәлі көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Қыдырәлі Болманов өзіне асықтай төрт ұл сыйлаған келіншегінің айтқанын екі етпейді. Қарақат нені қаласа, әп сәтте оны алдына алып келеді.

Каракат 060317

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда аяғы ауыр Қарақат күйеуіне жаңа ауланған балық жегісі келетінін айтқан. Ал Қыдырәлі Болманов ләм-мим деместен үйден шығып, балық аулауға бір-ақ аттанған.

Бірнеше сағаттан кейін сирек кездесетін алып балықты ұстап үйге оралған ол Қарақатты қатты таңғалдырды.

болманов 060317

Өз кезегінде Әбілдина еркелігін көтерген күйеуіне алғыс айтып, желіде жазба қалдырды.

“Таңертең тұрып “Шіркін, көлден жаңа ауланған балық жесем ғой” деген ем, отағасы үйден шығып кеткен еді, 3-4 сағаттан соң мынадай “алтын балық” арқалап олжалы оралды. Тілегім орындалып мәз болып әрең көтеріп тұрмын”, – дейді Қарақат.

Бүгін де бір тамаша күн ! Үйіміздің көркі де,берекесі де,Алла қосқан ақ некелі жүрегім,әзірше үйіміздегі жалғыз тал Гүліміз-Қақатым көлден ауланған балыққа аңсары ауғаннан соң,әрине атқа қондық.😄 Астанаға жақын жерде балық аулайтын көлімізге барып,Қайрат бауырымыздың көмегімен бар жоғы бір-ақ балық ұстадық…Ол ерекше балық болып шықты…Қуанғаным-ай ! Қақатымның,періште бөпеміздің несібе-ризығы болар деп жақсылыққа жорыдым..Өте сирек кздесетін-“зеркальный карп” деген балық болып шықты..Баттал @battal.zhanzhigitov бауырымыз екеуміз Алтын балық ұстағандай балаша мәз болдық….Мейірімі шексіз Аллаға сансыз мадақ !

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Жіберіп алмаңыз:

Шашын сары түске бояп тастаған Майғазиев сынға қалды (фото)

Аша Матай клипіне өзге ұлттың қыздарын түсірген Төреғалиді сынап тастады

Димашқа дауыс бергіңіз келсе мұнда кіріңіз

Димаштың әніне тебіреніп кеткен Жазира Байырбекова “Дайдидауды” өзінше орындап шықты (видео)

Талқылау