Қарағандыда жол үстінде автомобиль жанып кетті
Қарағандыдағы Восток-2 шағынауданында жол үстінде кетіп бара жатқан Volkswagen автомобилі өртеніп кетті. Куәгерлердің айтуынша, қозғалтқыштан өрт шығып, салонға жеткен.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Ол көлік жүріп бара жатқанда басталып кеткен. Жүргізуші көлікті шұғыл тоқтатып, салоннан шығады. Алайда оның өртсөндіргіші болмағандықтан, көліктің қалай жанғанын бақылап тұруына тура келді, – дейді куәгерлер. Өрт сөндірушілер оқиғаны бақылап тұрғандарға жарылыс қаупінің болуын ескертіп, қауіпсіз жерге алыстауын өтінген. Аьырой болғанда көлік жарылған жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Автомобильдің неліктен өртеніп кету себебі өрт-техникалық сараптама қорытындысы алынғаннан кейін белгілі болады», – деді құтқару қызметінің қызметкерлері.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады