Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 7 жыл бойы жасырынып жүрген шенеунікті соттап және амнистия жариялады

Қарағандыда облыстық ауыл шаруашылық департаментінің экс-директоры амнистияның арқасында қылмыстық жазадан құтылып кетті. Тамир Даутов ұзақ жылдар бойы жасырынып, халықаралық іздеуде жүрген болатын.

20161011105440

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Қазыбекби аудандық соты Тамир Даутовке қатысты қылмыстық істі қарады. Ол ҚР ҚК 192,307 баптары бойыннша айыпты деп танылды. Қылмыстар жиынтығы бойынша оны екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – деп хабарлады аудандық сот.

Алайда “Даутовтың әрекетіне қатысты ҚР “Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнін атап өтуіне байланысты амнистия” негізінде ол жазасын өтеуден босатылған. Сот оны “қамауға алу” туралы шараның күшін жойған. Үкім әлі заңды күшіне енбегендіктен оған қатысты қайта шағым түсірілуі де мүмкін.

Даутовты 2009 жылдан бастап іздеген. Оның экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қатысы бар деп айыптаған. Ол 2015 жылдың күзінде қаржы полициясы органы арқылы ерікті түрде берілген.

Тергеу дерегі бойынша, Даутов ірі көлемдегі несие алаяқтығын ұйымдастырған. 2005 жылы ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған 400 млн теңге бюджеттен бөлінген. Оның 100 миллионын соя өндірісі үшін “МТС “ГринаКоммерцАгроСервис” АҚ алған. Ал 2006 жылы қаржы полициясы ақшаның дұрыс жаратылмауына байланысты іс қозғаған.

Ол сондай-ақ, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану, жалған кәсіпкерлік, ақша жасыру деректері бойынша да айыпталған.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысының тұрғыны 107 жасқа толды

Астаналық жігіттің гейлер туралы пікірі желі қолданушыларын таңқалдырды (видео)

ОҚО-да мұғалімнен таяқ жеген бесінші сынып оқушысы жансақтау бөліміне түсті

Алматылық бойжеткен руы Ұлы жүз болмағандықтан жігітпен кездесуден бас тартқан

Талқылау