Қарағандыда Жаңа жыл түнінде мейрамхана маңында адамды өлтіріп кетті: Күдіктілер ұсталды

Қарағандыда Жаңа жыл түнінде мейрамханалардың бірінде болған төбелес адам өлімімен аяқталған еді. Қанды оқиғадан тағы 3 адам зардап шеккен. Полицейлер күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қарағандыда Жаңа жыл түнінде мейрамхана маңында адамды өлтіріп кетті: Күдіктілер ұсталды

Еске сала кетсек,  1 қаңтарда түнде бір топ жастар жаңа жылдық мейрамды қаладағы мейрамханалардың бірінде атап өткен кезде қанды оқиға орын алды. Полицияның алдын-ала нұсқасы бойынша, жас жігіттер ішімдік ішкеннен кейін жанжалдаса бастаған. Олар мейрамханадан шыққаннан кейін, арты қанды төбелеске ұласқан. Сонда төбелеске қатысушылардың бірі қалтасынан пышағын шығарып, достарының біріне сұғып алады. Өкінішке орай, пышақ жарақатын алған жәбірленуші дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болып кетті. Сондай-ақ, досын өлтіріп қойған жігіт тағы біреуінің кеудесін пышақпен жарақаттап және тағы екі жігітке жеңіл жарақат келтірген. Сөйтіп, жолдастарына пышақ ала жүгіріп, біреуін ажал құштырған жігіт оқиға орнынан қашып кеткен.

Тергеу барысында 24-27 жас шамасындағы 3 жігіттің түрлі жарақатпен ауруханаға жүгінгені белгілі болды.

Полиция департаментінің мәліметінше, төбелеске қатысқан бірінші тарапта қазақ, армян және басқа да ұлт өкілдері болса, екінші тарапта азиаттық ұлт өкілдері болған.

Бүгінде 3 күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Тағы бір күдіктіге республикалық іздеу жарияланды.

«Ұсталғандар ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті деп танылды және Қарағанды қаласының сотымен «Қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкцияланды. Сондай-ақ, Қарағанды облысының Полиция департаментінің қызметкерлері Гурурян Нарекке іздеу жариялады», – делінеді хабарламада.

Қарағандыда Жаңа жыл түнінде мейрамхана маңында адамды өлтіріп кетті: Күдіктілер ұсталды

Полиция іздестірілушінің орналасқан жері туралы білетін азаматтарды 102 телефоны бойынша хабарлауды сұрайды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағына (Кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр