Қарағандыда үш жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінде үш жастағы бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті. Алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды.

Сурет informburo.kz
Бұл туралы nv.kz хабарлайды.
“Ата-анасы қазір жерлеу рәсіміне дайындалуда. Баланы Шет ауданындағы ауылға жерлемек. Онда бабалары жатыр. Баланың ата-анасы жастар екен. Бұл туралы айту өте ауыр”, – дейді отбасының туысқандары.
“Қайғылы оқиға кезінде ата-анасы жұмыста болған. Баланы туысы қараған. Балкон терезесі ашық қалып, туысы баланы дұрыс қадағалай алмай қалса керек. Терезе өте биік, баланың оған қалай жеткені белгісіз. Әрине, ата-анасы, туыстары үшін өте өкінішті жағдай”, – деді көршісі.
Облыстық ішкі істер департаменті аталған істің сотқа дейінгі зерттеу реестріне тіркелгенін айтты.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады