Қарағанды облысында түрме басшысы сотталушылардың біріне екіншісін өлтіруге бұйрық берген деп айыпталуда
Қарағанды облысы Шахтинск қаласында түрменің бұрынғы басшысы сотталушының өліміне қатысты айыпталып жатыр, деп хабарлайды КТК.

2017 жылы наурыз айында Валерий Чупин есімді сотталушы түрмеде мерт болған. Оның өзге сотталушының қолынан көз жұмғаны белгілі болды. Айыпталушы тергеушілерге түрме басшысынан жәбірленушіні өлтіруге бұйрық алғанын айтқан.
Басшының міндетін атқарушы болған Бауырбек Шотаев сөгіс алып, қызметінен түсті. Айыпталушы тергеу кезінде Шотаевтың бұйрығы үшін адам өлтіргенін айтты. Енді бұрынғы басшы айыпталып жатыр.
“Бұйрық берілгендіктен болып отыр. Бәрі бастықтың айтқанымен болады. Марқұм мен бастығының арасында жанжал болған”, – дейді айыпталушының анасы.
Тағы оқыңыз:
Бастық болған ұнайды: Мөлдір Әуелбекова болашақта шенеунік болуы мүмкін
Үш баласы да АҚШ университеттеріне түскен қазақстандық әке бала тәрбиесіндегі 15 қағидасын атады
Әкесі: “Кәмпит, балмұздақ, тәтті жемейді, теледидар көрмейді, смартфонға да уақыт шектеулі”
"Соғысқа жіберуге 3 күн қалды": Ресейде жүрген қазақстандық жігіттер көмек сұрады
Олар 10-нан астам күннен бері қайта алмай отыр