Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жалдамалы жұмысшылар бригадир мен жұмыс берушіні өлтіріп кеткен

Қарағандыда екі адамды өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Қылмыс 4 қараша күні түстен кейін жеке үйдің ауласында орын алған. Құрылыс бригадасы онда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. 59 жастағы үй иесі мен 72 жастағы бригадир жұмысшылармен келісе алмай, жанжалдасып қалған. Куәгерлердің айтуынша,  құрылысшылар екі адамды пышақтаған. Олардың құрбандары оқиға орнында қайтыс болды. Содан кейін жігіттер марқұмдардың бірінің көлігін айдап әкеткен.

"Ұстап алу" жоспары жарияланып, көлік бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Күдіктілер Қарағанды-Теміртау тасжолында ұсталды.

"Ұсталғандар (34 және 39 жастағы ер адамдар) кінәсін мойындаған. Қылмыс құралы тәркіленді", – деді Қарағанды облысы ПД басшысы Ерлан Файзуллин.

"Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау