Қарағандыда дауыл кезінде ойын алаңындағы жабын балалармен бірге ұшып кеткен (видео)
Қарағандыда ойын алаңқайының жабыны жел кезінде балалармен бірге ұшып кетті. Салдарынан жарақат алғандар бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ekaraganda басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Голубые пруды шағынауданында болған. Үш бала ойын алаңқайында жүгіріп жүргенде жел соғып, жабын балалармен бірге ұшып кеткен. Салдарынан бүлдіршіндердің бірі бірнеше метр жердегі үйдің жанына түскен.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше жедел жәрдем облыстық балалар ауруханасына бір баланы жеткізіпті.
"Жағдайы қанағаттанарлық, бала есіп біледі, қорқып қалған. Қабылдау бөлімінде тексерістен өтіп жатыр", – делінген хабарламада.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар