Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағайдағы жанжал: Шенеунік есірткі шегіп алған күйде ұсталды

Алматы облысының әдеп жөніндегі кеңесі есірткі затын сақтап, қолданғаны үшін мемлекеттік қызметкерді жұмысынан шығарды.

84eeec479d7d232001bf3f5796018f58

 

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ормышевтың жеке көлігін тінту барысында көлік жүргізушінің орындығы астынан кептірілген қарасора табылды. Тінту кезінде Ормышевтың өзі де есірткінің әсерінде болғаны анықталды. Оны медициналық сараптама дәлелдеп берді.

ҚР Еңбек Кодексінің 48-ші бабы, 1-ші тармағына сәйкес жұмыс беруші жұмысшымен келісім шартты жұмыста алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған немесе жұмыс күні ішінде осындай масаңдық туғызатын заттарды пайдаланған жағдайда бұза алады.

Жіберіп алмаңыз:

Корей қызы қазақ тілін 3 ай ішінде үйреніп алған

Үнді әйелі бала туғаннан кейін екі есе кішірейіп қалған (фото)

Бет-пішінін қозғалтып адамның көңіл-күйін дәл көрсете алатын сәби таңқалдырды (фото)

Талқылау