Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағайда төрт туысқан суға батып кетті: Олардың екеуі – балалар

Қапшағай су қоймасына төрт адам батып кетті, олардың екеуі – балалар. Бұл туралы Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

батып кеткен

Қайғылы оқиға 26 маусымда, танымал "Көгілдік шығанақ" ауданында болған. Құтқарушылардың сөзінше, адамдар көз жұмған орын шомылуға арналмаған. 

"Су қоймасында толқын көтеріліп, 15 және 12 жастағы балалар суға бата бастаған. Оларды құтқару үшін екі ересек туысқандары (ағасы мен әжесі) жүгірген. Тек 68 жастағы әйелді құтқару мүмкін болды. Марқұмдардың денесі судан шығарылды", – деп мәлімдеді Алматы облысы төтенше жағлайдар департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Көз жұмғандар арасында 1990 жылы туған әйел мен 1992 жылы туған ер адам, 2007 және 2010 жылдары туған балалар бар. 

Ведомство мәліметінше, Қонаев қаласында 7 қалалалық жағажай бар, мұнда арнайы құтқарушылар тобы жұмыс істейді. Сонымен қатар құтқару мұнаралары және шомылу кезінде адамдардың қауіпсіздігін өамтамасыз ету үшін өзге де құралдармен жабдықталған. 

Алматы облысы ТЖД азаматтарды шомылу кезінде ережелерді сақтап, демалысты арнайы жабдықталған орындарды ұйымдастыруға шақырды. 

Талқылау