Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптау деректеріне байланысты 9 тәртіп сақшысы сотталды

Бас прокуратура Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптау дерегіне байланысты 9 тәртіп сақшысының сотталғанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

азаптау

Ведомство деректеріне сәйкес 2022 жылдың басынан бері прокурорлар азаптауға қатысты 11 қылмыстық істі тергеген. 

"Тергеу қорытындысы бойынша 84 азаматты азаптаған күштік құрылымдардың 35 қызметкері жауапқа тартылды. Қазіргі уақытта 9 адам сотталды, өзгелері бойынша сот істерді қарап жатыр", – делінген хабарламада. 

31 наурызда Бас прокуратура үкіметтік емес ұйымдар, адвокаттардың, Жоғарғы Сот, әділет, құқық қорғау және арнайы органдар өкілдерінің, сондай-ақ ғылыми қоғамдастықтың қатысуымен "Азаптаулар туралы істерді тергеудің өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Қаңтар оқиғалары" кезінде Алматы қаласы мен Алматы облысында бейнебақылау жазбаларын сақтау серверлерін мақсатты түрде жоюлуы құқық бұзушылықтарды анықтаудағы маңызды проблемалардың бірі болды. Арнайы прокурорлар бұл жазбаларды қалпына келтіре алды. Кейіннен оларды азаптауларды қолданудың негізгі дәлелі ретінде пайдалана білді", – деді Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев

Сонымен қатар талқылау барысында құқық қорғау органдарына жеткізілетін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қозғалды. Қылмыстық қудалау органдарында азаптауларды қолдануға жол бермеу мақсатында барлық жерлерде бейнебақылау орнатылған.

Алайда прокуратураның тексеруімен қылмыстық қудалау органдарының бейнебақылау жүйелерімен қамтылмаған 6 159 көзге көрінбейтін учаскелер мен үй-жайлар анықталды. 937 камера жұмыс істемейтін болып шыққан.

Талқылау