Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталған Алматы қалалық ҰҚК бұрынғы басшысы сотталды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Алматы қаласы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәжилов қаңтар оқиғасы бойынша алты жылға сотталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сурет ашық дереккөзден алынды
“Сот үкімімен М., Қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігімен (Билік пен қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану) алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қоса ҰҚК генерал-майоры арнаулы атағынан айыра отырып, 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан айырылды”, – делінген сейсенбіде тараған ақпаратта.
- Алматы әуежайының бұрынғы полиция басшысы Қаңтар оқиғаларына байланысты 6 жылға сотталды
- Әскери бөлімдер әуежай қоршауынан шығып, белгісіз бағытқа кетіп бара жатты - Ұшу алаңының қызметкері сотта жауап берді
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 2022 жылдың 14 наурызында Бас прокурор Берік Асылов 5 қаңтарда Алматы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында екі полиция департаменті мен үш ҰҚК басшылары өз ғимараттары мен қару-жарақты қараусыз қалдырып кеткенін айтқан. Аталған фактілер бойынша жеті қылмыстық іс қозғалған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн