Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қанша мың адам жерден алып, жерге салды": Абай Бегейдің әйелі шаңырақ көтерген күнді есіне алды

Танымал әнші Абай Бегейдің әйелі, блогер Фариза Жұманова туған күнін жақындарымен тойлатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/fari___za____zhan/

Сондай-ақ блогер келіншек осыдан жеті жыл бұрын ақ келін атанған сәтін есіне алды. 

“Бүгін тек туған күнім ғана емес, отбасы құрғанымызға 7 жыл болыпты. Дәл сол күні тойымыз болған. Бір жағы қуаныш болса, екінші жағы сол күні мені неше мың адам инстаграмда жерден алып, жерге салды. Таңда оянсам, жұлдыз болып кетіппін. Әпкем хабарласып, “Инстаграмға кірмеші” деп айтқаны есімде. Қазір соның бәрі өтірік болған секілді. Ең бірінші танысуымыздың фотосын жариялап отырмын. Қызыққа толы кез еді. Неше жыл бізге сынақ берді. Бәрі артта қалды. Ендігі еш мұңаймай, ұл-қыздарымыздың ортасында күліп-ойнап жүрейік. Жақында ата-әже атанамыз”, – деп жазды блогер. 



Сонымен қатар өнер иесінің үлкен қызы, блогер Гүлеркем Ниязқұлова екінші анасына арнап, жазба жариялады. 

“Мен үшін ерекше жанның туған күні. Апа, сізді алғаш көрген күні дәл қазіргідей қатты жақын, сырлас, дос бола аламыз деп ойламаппын. Мен сізді қатты құрметтеймін. Жаңа жасыңыз ең бақытты жылыңыздың бірі болсын! Қуанышты сәттеріңіз көп болсын! Папамен бірге бәріміздің қуанышымызды қызықтап, деніңіз сау болсын! Мен сізді қатты жақсы көремін”, – деп жазды блогер ару. 

Айта кетейік, Абай Бегейдің әйелі "Әйел керек кезде аузын жабуы керек" деп отбасындағы жанжал туралы ойын айтқан еді. 

Талқылау