«Канело» Альварес әлем чемпионы белбеуінен айырылды: Головкинде мүмкіндік туды
Енді IBF Деревянченко мен Геннадий Головкин арасындағы белбеу үшін жекпе-жекті жоспарлайды деп күтілуде. Альварес белбеуден айырылды.

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес халықаралық бокс федерациясының (IBF) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айрылды.
Бұл «Канело» тарабының міндетті талапкер Сергей Деревянченконың өкілдерімен міндетті белбеу қорғау жекпе-жегін жүргізу туралы келісімге келе алмауына байланысты болды.
Бұл туралы твиттерде The Atletic инсайдерлік Майк Коппинджер жариялады:
«Дереккөздер «Канело» мен Деревянченко арасындағы келіссөздер қазір ресми түрде аяқталды деп отыр. Альварес күндізгі үштен кейін IBF титулынан айырылды. Мерзімі аяқталды. Тараптар ақша туралы келісе алмады», - деп жазды ол.
Енді IBF Деревянченко мен Геннадий Головкин арасындағы белбеу үшін жекпе-жекті жоспарлайды, ол ең жоғары рейтингке ие келесі үміткер.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады