Қанат Исламды құрмет тұтатын отбасы оған ат мінгізді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламды алматылық отбасы арнайы қонақ етіп, ат мінгізді. Қанат Ерік пен Айгүлдің шаңырағындағы қуаныш Бейбарыстың тілашар тойына тура келді. Бұл туралы qamshy.kz сайты хабарлайды.
Жас өренге батасын берген боксшы естелікке өзінің былғары қолғабын табыс етті.
Боксшының спорттағы жетістіктеріне ризашылығын білдірген отағасы оған ат мінгізіп, шапан жапты.
Ерік пен Айгүлдің қуанышына жайылған дастарханда сондай-ақ, қазақстандық кәсіпқой спортшылар Ардақ Назаров пен Қуат Хамит те арнайы қонақ болды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады

