Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Камила Саянқызы: "Қалаулымға" жүргізушілікке келгелі маған жаман пікір айтатындар көп, бірақ мен бәріне шыдаймын

Блогерлер Камила Саянқызы мен Әлібек Боранбай алғаш рет отбасылық сұхбат берді. Тележүргізушілікке бет бұрған Камила Саянқызы бұл кәсіптің қиындығы мен қызықтары жайлы айтты. 

Бұл туралы “Таңғы студия” бағдарламасында айтылды.

Камила Саянқызы бұған дейін бортсерік қызметін атқарған. Кейін тележүргізушілікке, блогерлікке бет бұрды. Негізгі табысы – блгерлік арқылы келеді. Алайда мұны тұрақты табыс көзі деп санaмайды.

“Мен бұрын бортсерік болып жұмыс істедім. Ол кезде айына 80-90 сағат ұшақта боламыз. 7 жылдай аман-есен ұшып-қонып жүрдік. Ол физикалық түрде шаршайтын жұмыс. Радиация бар деген секілді. Ал қазіргі тележүргізушілік ауыр жұмыс болмағанымен, моральді түрде шаршайсың. 4 сағат тікелей эфирден соң кәдімгідей шаршап қаламын. Сын-пікірлер айтылады. Қанша адам қарап отырады. Соның бәрінен шаршайсың”, – деді ол. 

Камила шаршауын ас үйден басады. Тамақ жасау арқылы күйзелістен арыламын дейді ол.

“Кей әйелдер ас үйден шаршап жүреді ғой. Тамақ жасағанға шаршайды. Мен керісінше тамақ жасау арқылы шаршағанымды басамын. Қамырды илегеннің өзі күйзеліске қарсы әсер етеді. Миым тынығып, демалып қаламын. Сондықтан жұмыстан соң ас үйде көп уақыт өткіземін”, – деді Камила. 

Камила мен Әлібектің киім дүкені бар. Блогерліктен табыс тауып жүр. Желіде белсенді. Алда басқа да жоспарлары бар. 

“Біз блогерлікті тұрақты жұмыс деп қарамаймыз. Себебі бұл уақытша нәрсе. Егер парақшаны жауып тастаса, ертең-ақ жоғалтып алуымыз мүмкін. Сондықтан бұған кәсіп деп қарамаймыз. Бірақ табыс тауып отырғандықтан жұмыс істейміз. Алайда әр отбасында одан бөлек кәсібі, бизнесі болу керек”, –деді Әлібек Боранбай. 

Камила Саянқызы тележүргізушілікке келгелі өзіне көп сын айтылып жүргенін айтады. 

“Маған көп сын айта бастады. Бағдарламаның өзі атышулы болғандықтан шығар. Менің жеке басыма не айтса да, мен шыдаймын. Бірақ балама, жолдасыма, ата-анама тіл тигізсе, шыдай алмаймын”, – деді тележүргізуші. 


"Әжемнің арманын орындадым": Қалаулымдық Бауыржан Зорбай үйленді (видео)

Талқылау