"Қалыңдығым мұңайды": Қуыршаққа үйленбекші болған қазақстандық бодибилдер карантин үшін тойларын кейінге шегеріпті
Қазақстандық бодибилдер Юрий Толочко мен оның "қалыңдығы" елдегі коронавирусқа байланысты енгізілген төтенше жағдай үшін тойларын кейінге шегеріпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атлетшінің сөзінше, олар мұндай шараға амалсыздан барып отыр екен. Тойды төтенше жағдай біткеннен кейін жасаймыз депті ол.
"Біз карантинге байланысты тойымызды кейінге шегердік. Тойымызды карантин біткен соң сәуір айында жасаймыз. Аяғына дейін бәрі жоспар бойынша орындалады деп үсіттенген едім. Қалыңдығым мұңайып қалды. Өмірімізде біраз өзгерістер орын алды, бірақ қатты қиналып жүргеніміз жоқ", - дейді Толочко.
Айтуынша, олар тойларына 50-70- тей адам шақырмақшы болған. "Жастарға" қалыңдық киімі мен неке сақиналарын достары сыйлаған көрінеді.
Еске салайық, бұған дейін өзінің сегіз ай бойы "жүрген" секс-қуыршаққа үйленбекші болған қазақстандық жайлы айтылған еді.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"