Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаланы көгалдандырумен айналысатын Алматы облысының тұрғыны миллион ұтып алды

"KMF Іскер ханымы-2022" байқауы мәреге жетті. Алматы қаласында бас қосқан кәсіпкер әйелдер бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасып, байқау жеңімпаздарының кім болғанын білді. Шараны ұйымдастырушы – KMF компаниясы және "KMF-Демеу" қоры.

Өткен жылы мыңнан аса кәсіпкер әйел қатысуға өтінім білдірген байқаудың биылғы қатысушыларының саны екі еселеніп, өтінімдер 2 мыңнан асып түскен. Бас жүлде –  тұрмыстық техника сатып алуға арналған 1 млн теңгенің сертификатына Айгүл Мұқанқызы Асырауова (Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылдық округінің тұрғыны) ие болды. Алматы қаласы мен облысында ландшафт дизайнмен және көгалдандырумен айналысатын кәсіпкер негізгі мамандығының мұғалім екенін айтады. Алайда мамандығы бойынша жұмыс істегісі келмеген ол бірден бизнеске бет бұрған. Бастапқыда базарда гүл сатумен айналысқан кәсіпкер кейін KMF-тің көмегімен техникалар алып, жылыжай тұрғызып, кәсібінің ауқымын кеңейткен. 6 гектар жерге 3 мың шаршы метр жылыжай салған Айгүл Мұқанқызы бүгінгі таңда 60 адамға жұмыс беріп отыр.

"KMF Іскер ханымы-2022" байқауының Бас жүлдесін ұтып алғаныма сене алар емеспін, қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын. KMF компаниясымен жұмыс істеп келе жатқанымызға біраз жыл болды, осы компанияның арқасында кәсібіміз дамып, өркендеп келеді және бұл жеңіс – ортақ еңбектің жемісі. Менің бизнесім жоқтан бар жасалған кәсіп десем де болады. Біз көгалдандырумен айналысамыз, қазіргі таңда 60-қа жуық адам жұмыс істейді. KMF-тің арқасында техникалар алдық, жылыжай салдық, жаңа жұмыс орындарын аштық. KMF-ке алғысым шексіз", – дейді іскер ханым.

Байқауда Бас жүлдеден өзге төрт номинация бойынша жеңімпаздарға тұрмыстық техника сатып алуға арналған 500 мың теңгелік сертификаттар табыс етілді:

  • "Бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін" – Айдана Мұсабекова, Талдықорған қаласы (ұялы телефондар мен аксессуарлар саудасы);
  • "Агробизнеске қосқан үлесі үшін"  – Салтанат Айнабекова, Шымкент қаласы (мал шаруашылығы);
  • "Әлеуметтік бизнеске қосқан үлесі үшін" –  Сандуғаш Асылбек, Шымкент қаласы (балабақша);
  • Әділ қазылардың арнайы сыйлығы – Радина Ян, Талдықорған қаласы (қоғамдық тамақтандыру).

Негізгі номинацияларға қоса 9 іскер ханымға 100 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы берілді, сонымен қатар KMFProBusiness менторинг бағдарламасының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

Салтанатты шарада сөз алған компания басшысы әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың маңызын атап өтті.

"Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау – компаниямыздың негізгі бағыттарының бірі. "KMF Isker Hanymy" - оның жарқын дәлелі. Биылғы марапаттау салтанатының ауқымы кең. Қатысушылардың саны да екі еселеніп отыр! Бұл байқауға қатысқандардың барлығы – ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген кәсіпкерлер", - деді KMF Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Айта кетейік, KMF компаниясы мен "KMF-Демеу" қоры субсидиялау бағдарламасы аясында 2020 жылдан бастап пандемиядан және қаңтардағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерді, отандық тауар өндірушілерді, құрғақшылыққа байланысты қиындықтар мен қымбатшылыққа тап болған ауыл шаруашылығы секторындағы клиенттерін қолдау мақсатында пайыздық мөлшерлеменің жартысын субсидиялады. Барлығы мыңнан аса әйел 300 миллион теңгеден астам сомаға субсидия алды.

Биыл KMF компаниясы 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. Компанияға сенім артқан 250 мыңнан аса клиенті бар және олардың 55 пайызы – әйелдер. KMF-тің еліміз бойынша 14 филиалы мен 116 бөлімшесі жұмыс істейді. 

KMF – Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Нарыққа ширек ғасыр бұрын келген компанияның микрокредит өнімдері туралы толығырақ kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 байланыс орталығынан білуге болады.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы

Талқылау