Кафеде тамақтанып отырған алматылықтың үстіне әйнек құлап жарақаттады (фото)
Бойжеткеннің мойны мен аяғы орташа деңгейде тілініп кеткен. Даяшылар дереу дәрігер шақыртып, қызға алғашқы көмек көрсетілген.

Сурет:Бақтыгүл Бүрбаева
Ыңғайсыз жағдай Алматыдағы «Нұрлы Тау» бизнес-орталығы қасындағы “Odysseya” кафесінде болды. Оқиға куәгері түскі тамаққа келген қыздың үстіне 4-қабаттан сынған әйнек түскенін айтады. Оның сөзінше қыз күннен қорғайтын шатырдың астында отырған. Соның өзінде жоғарыдан түскен сынық әйнек оның желке тұсы мен аяғын кәдімгідей жарақаттаған. Себебі, қыз отырған жердің өзі қан болды дейді.

Сурет:Бақтыгүл Бүрбаева
«Мен тамақтанып отырғанмын. Бірден қатты айқай мен әйнектің жерге түскен даусын естідім. Даяшы жүгіріп далаға шықты. Артынан мен де ердім. Қарасам қыздың желкесі мен аяғы қанап жатыр. Шатырдың астында отырғанының арқасында аман қалды деп ойлаймын»,-дейді оқиға куәгері Асқар Айтуов.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады