Қабырғаларда жарықтар пайда болған: Камчаткада 6,9 баллдық жер сілкінісі болды
Камчаткада магнитудасы 6,9 балл жер сілкінісі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Петропавл" сейсмостанциясының мәліметінше, сейсмикалық оқиға 3 сәуір сағат 15:06-да 100 шақырым тереңдікте болған. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы – 6,9", – делінген ТЖМ хабарламасында.
Эпицентрі Петропавл-Камчатскийден оңтүстікке қарай 44 шақырым жерде орналасқан Авачин шығанағының суында болды. Цунами қаупі болған жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша, құрбандар жоқ.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жер асты дүмпулері күшті болды деп айтылады. Қабырғалар дірілдеп ұсақ заттар құлады. Кейбіреулер қабырғаларда жарықтар пайда болды деп жазады. Көбісі қорқып, үйлерінен жүгіріп шықты.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады