Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Күйеуі басына оқ атқан: Жезқазғандық әйел жан сақтау бөлімінде көз жұмды
Жезқазғанда күйеуі басынан аңшылық мылтықпен оқ атқан әйел аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды қалалық орталық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Жарақаттанған әйелді құтқару мүмкін болмады. Ол ауыр жарақат алған», – дейді ауруханадағылар.
Күйеуінің қолынан ажал құшқан Гүлназ 27 жаста болған. Оның артында екі кішкентай баласы қалды.
Еске сала кетсек, 5 желтоқсанда Жезқазғанда күйеуі әйелінің басына мылтықпен оқ атқан еді.
Полицейлердің мәліметінше, оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Айғақ зат тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті изоляторға қамалды.
Қазақстандық бір кездері бәліш сатып, бүгінде жасанды интеллект көмегімен миллиондаған табыс тауып отыр
Маркетологтан кәсіпкерге дейін: тараздық жігіттің 450 миллион теңгелік бизнесі
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған