Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jusan Bank-тің басқарма төрағасы Айбек Қайып 2020 жылдағы коммерциялық қызметтің нәтижелерімен бөлісті

Жақында қазақстандық және шетелдік іскерлік басылымдарға берген сұхбат барысында Jusan Bank басшысы бөлшек және корпоративтік сегменттер бойынша жұмыс нәтижелерін атап өтті.

Қайып

Басқарма төрағасы Айбек Қайып мәлім еткендей, жаңа Jusan мобильді қосымшасын іске қосқан сәттен бастап бір жылдың ішінде жүктеу саны 1 миллионнан асты, ал экожүйенің сервистерін белсенді қолданушылар саны жарты миллионға дейін көбейді.  2020 жылдың қорытындысы бойынша Jusan Инвестициялар сервисі бойынша клиенттер саны 2019 жылмен салыстырғанда 3 есе ұлғайды. 2020 жылы Jusan Инвестициялар  сервисіндегі клиенттік мәмілелер айналымы 1,2 трлн теңгеден асты, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5 есе көп. Жақында ғана Jusan Инвестициялар  сервисі Global Banking and Finance халықаралық рейтинг агенттігінен "Asset Management Company of the Year Kazakhstan 2021" марапатына ие болды.  

Корпоративтік бизнес бойынша 2019 жылдың ақпан айынан 2021 жылдың 1 мамырына дейін екі жыл ішінде орта және шағын бизнес субъектілеріне 191,6 млрд.теңгеге кредит берілді. Корпоративтік бизнес және ШОБ депозиттерінің портфелі 17 есе артып, 400,3 млрд теңгені құрады. Ағымдағы шоттардағы қалдықтар портфелі 29,2 млрд. теңгеден 102,5 млрд.теңгеге дейін 251%-ға өсті. Бұл ретте NPL жаңа берілімдер бойынша 0,03%   құрайды, яғни жаңа берілімдердің жоғары сапасын куәландырады.   

Жалпы банктің қаржылық нәтижелеріне келер болсақ, 2020 жыл үшін аудиттелген қаржы есептілігіне сәйкес Jusan Bank  активтері 322,4 млрд теңге немесе 24,2% деңгейінде жылдық өсім көрсетіп, 1,65 трлн теңгеден асты. Бұл ретте Jusan Bank-тің жыл басындағы кредиттік портфелінің жиынтық көлемі 855,5 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңның өзінде Jusan Bank банктік сектордың кредиттік портфелінің 5% үлесін ала отырып, еліміздің ең ірі ЕДБ-інің қатарына кіреді.   

Банктің табысты қызметі пайданы арттыруға және жоғары орнықтылық көрсеткіштерін көрсетуге мүмкіндік берді, бұл көрсеткіштерді Jusan Bank  бренд құрылған сәттен бастап сақтап келеді. Жекелей алғанда, 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша капиталдың жеткіліктілік коэффиценті (k1) 31,5% құрайды, бұл реттегіш талаптан 4 есе асады. Өтімділік коэффиценті  (k4) 399,8% құрайды, яғни нормативтен 13 еседей артық. 

Талқылау